Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 09 тамыздағы № 178 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 тамызда № 5220 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Ауыл тынысы" № 11 және "Пульс села" № 11 аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндеттін атқарушы Е. Машырықов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "9" тамыздағы
№ 178 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік
бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Р/н №

Аталуы

1.

Ауданның жергілікті атқарушы органымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын дамудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2.

Егер сатып алуға бөлінген лот сомасы (тармақ жоспары) айлық есептеме көрсеткіштен он бес мың есе асқанда конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

3.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламаның шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады