Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.12.2018 № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 126/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелді, 2015 жылғы 06 маусымда аудандық "Родные просторы", 2015 жылғы 06 маусымда аудандық "Туған өлке" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
12) тармақша алынып тасталсын;
"Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
35) тармақша алынып тасталсын.
2. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |