Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 8/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 5117 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 13.08.2018 № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінің № 14 жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      12) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) Жұмыспен қамту орталығы – ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрған "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Железин ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
      15) отбасыға көмектің жеке жоспары – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімделу бойынша әзірлеген іс-шаралар кешені.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын отбасылар.";
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "осы Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санаттарға әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) әрбір мүшесіне отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Шартты ақшалай көмектің мөлшері отбасының құрамы өзгерген, сондай-ақ отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу кезінде ұсынылған табыстарды есепке ала, атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылған кезде, аталған жағдайлар туындаған сәттен, бірақ тағайындау сәтінен ерте емес, қайта есептеледі.";
      мынадай мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:
      "27-1. Отбасы (адам) әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекке жүгінген кезде уәкілетті орган, селолық округ әкімі консультация өткізу деңгейінде көмектің көрсетілу шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, әңгімелесу барысында отбасының (азаматтың) мәселелері туралы ақпаратты нақтылап, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін айқындайды, сонымен қатар алдын-ала мыналарды анықтайды:
      1) талапкердің шартты ақшалай көмек алуына құқығы;
      2) жұмыспен қамтылуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша әңгімелесу парақшасы ресімделеді және осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.
      Өтініш беруші шартты ақшалай көмек алу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, отбасы мүшелерінің санына және үш айға шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айының алдыңғы үш ай ішінде алынған жиынтық табысты бөлу жолымен есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Сонымен бірге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.
      Осы Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын тұлғаларға (отбасыларға) отбасының белсенденділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау кезінде отбасының (тұлғаның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына қатысу және отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделу қажеттілігі жағдайында, еңбекке қабілеттілерді қосқанда (бұдан әрі – әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек) беріледі.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын қолдану мерзіміне беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айда бір рет төленеді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құс және тағы басқаларды сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 3-1 бөліммен толықтырылсын:
      "3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.
      Өтініш берушімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалады.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмегін алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын осы Қағидаға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес әзірлеуге және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға шақырады.
      Сонымен қатар бірінші және екінші топтағы мүгедектерден, окушылардан, студенттерден, тыңдаушылардан, курсанттар мен күндізгі оқу магистранттарынан басқаларын, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына белсенді қатысу үшін жолданады немесе Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражатымен іске асырылатын басқа да жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға жолдамалар ұсынылады.
      Жеке жоспар өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірігіп әзірленеді және аз қамтылған азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін отбасын (азаматты) кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша жоспарланған іс-шаралардан тұрады, соның ішінде:
      уәкілетті органның және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына орналастыру;
      кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
      жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
      халықтың нысаналы тобының мерзімді скринингтен өту;
      отбасы құрамында жүкті әйел болған жағдайда, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына 12 аптаға дейінгі жүктілік бойынша тіркеуге тұрғызу және жүктілік мерзімінің аяғына дейін бақылауда болу;
      маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез сияқты сырқаттар болған жағдайда өз еркімен емделу;
      арнаулы әлеуметтік көмек және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын дер кезінде алу;
      аз қамтылған отбасының (азаматтың) қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да іс-шаралар.
      Келесідей жағдайларды есепке алмағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу отбасының жұмысқа қабілетті мүшесінің міндетті шарты болып табылады:
      стационарлық, амбулаториялық (санаторлық) емделудің мерзімінде (медициналық ұйымдардан құжаттардың сәйкестігін куәландыратын қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда);
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі талапкердің жүзеге асыруынан басқа, үш жасқа дейінгі балаға қарау, он сегіз жасқа толғанға дейінгі мүгедек-балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, үнемі көмек және күтімді қажет ететін сексен жастан асқан қарт адамдарға.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, тағы да алты айға ұзарту мүмкіндігімен, бірақ бір жылдан көп емес отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған жағдайда және (немесе) отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерінің кәсіби оқуын аяқтамаған жағдайда және (немесе) жастар практикасынан өтуде және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеу жағдайында жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, біреуі өтініш берушіге, тіркеу журналында қолын қойғызып беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған ұйымында сақталады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі шартты жасаған органмен жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық кезеңінде қолдау жасайды және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ оның тиімділігін бағалайды.";
      28-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамау және (немесе) бұзу жағдайларда тоқтатылады.";
      5 бөлім келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Қорытынды ереже.
      30. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.";
      осы шешімнің 1-5 қосымшаларына сәйкес 1-5 қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы О. Джумалинов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
1-қосымша

Шартты ақшалай көмек алу үшін әңгімелесу парағы

      Өтініш берушінің Т.А.Ә .__________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
__________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: __________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері) :

Отбасы мүшелері

Кәсібі

Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері

Жалпы жұмыс өтілі

Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі

Еңбек дағдылары мен шеберлігі

Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы

Өтініш беруші







Зайыбы (жұбайы)







Басқа ересектер







      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші:__________________________________________
Зайыбы (жұбайы):_______________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері:_________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас______________________
Отбасындағы қиындықтар__________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді___________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы
      __________________________________________________________________
Басқа__________________________________________________________
      Тараптардың қолдары
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі            Қатысушы (лар)
___________________ (қолы)                  _________________ (қолы)
___________________ (күні)                  ___________________ (күні)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
2-қосымша

Өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама

Өтініш беруші және бір мекенжай бойынша орналасқан отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстық қатысы

Негізгі қызметі
(жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, (мектеп жасына дейінгі бала)

Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны

15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)







Басқа мекенжай бойынша орналасқан отбасы мүшелері туралы мәліметтер: (жұбайы/зайыбы, кәмелетке толмаған балалар)
________________________________________________________________________________

      Мектепке жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма ____________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.

Р/с №

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту уәкілетті органының тіркелімінде екенін растайтын анықтама ұсынады)

Құжатпен расталған табыс сомасы

Басқа да көрсетілген табыстары

Жұмыс орны қызметінен

Зейнетақы, жәрдемақы

Кәсіпкерлік қызметтен

шәкіртақы

алименттер

Басқа табыстар




















      *Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы: тұрғын ауданы: _______ шаршы метр;
      меншік нысаны: ________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны; тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, апаттық жағдайда, жөнделмеген);
(қажеттісінің астын сызу);
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ сабан, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй)
(қажеттісінің астын сызу);
      тұрғын үйдің жабдықталуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон)
      (қажеттісінің астын сызу).
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі

Мүліктің сипаттамасы
(саны, көлемі, үлгісі және т.б.)

Тиесілігі







      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
      ____________________________________________________________________
өтініш беруші____________________________________________________
зайыбы (жұбайы)_________________________________________________
балалар__________________________________________________________
басқа да туысқандар_______________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      тамақтануға да жетпейді;
      тамақтануға ғана жетеді;
      тамақтануға және басты қажеттілік заттарына ғана жетеді;
      балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі) _____________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
      іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру;
      микрокредит беру;
      кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
      "Жастар практикасына" қатысу;
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      _____________ ________________________ _______________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
3-қосымша


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ____________________________
(облысы, ауданы, елді мекені)
____________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________
(елді мекені, ауданы)
___________мекенжайы бойынша тұратын
________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
құжат, жеке куәлік № _________________
берілген күні _________________________
ЖСН ____________________________
 

Өтініш

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.
      Осымен жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
      Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
      Мен мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы менің отбасымның мүшелері туралы ақпарат алуға келісім беремін.
      Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
      Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
      Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
      Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
      тұрғын үй көмегі;
      арнайы әлеуметтік қызметтер;
      мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек).
      "____"__________20__ ж. _____________________
      (күні) (өтініш берушінің қолы)
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін_______________________________________________________
Құжаттар "____"__________20__ ж. қабылданды
      _______________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)
      Отбасының тіркеу нөмірі
      Өтініш қоса берілген құжаттармен "__"__________ 20__ ж. учаскелік комиссияға берілді. "__"__________ 20__ ж. қабылданды.
      ________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы)
      Өтініш берушінің қолы _______________
      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (қию сызығы)
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.
      Азамат __________________________өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының _____________ тіркеу нөмірімен "____" _____________20__ ж. қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы __________________________________________________

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
4-қосымша

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

      ______________________ № ____ 20 __ жылғы "_____"_____________
(жасалған орны)
      ____________________________________________________________атынан
      (уәкілетті органның атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
      __________________________________________________________________
      уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
      бұдан әрі _____________________________ деп аталатын бір тараптан және
шартты ақшалай көмекті алатын отбасы атынан азамат
      __________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді) ___________________________ мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі – келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:

      1. Келісімшарт мәні

      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

      2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының_____мүшесіне:
      _______________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
      ___бастап__дейінгі кезеңге ай сайын______ (_______________________) теңге
      (сома жазумен)
      мөлшерінде және (немесе) бір жолғы _____ (_______________________) теңге
      (сома жазумен)
      мөлшерінде (жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу) жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру) шартты ақшалай көмекті төлейді;
      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі – Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
      3) отбасының өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
      5) шартты ақшалай көмек алушы оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
      3. Шартты ақшалай көмек алушы және оның отбасы мүшелері:
      1) әлеуметтік келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындайды;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
      4) халықтық нысаналы топтары скринингтік тексеруден өтеді, отбасы мүшесінде жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында жүктілігі 12 аптаға дейін есепке тұруды және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде қадағалауды жүзеге асырады;
      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шартты ақшалай көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
      7) шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады.

      3. Тараптардың құқықтары

      4.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
      2) отбасының материалдық жағдайын тексереді;
      3) алынған ақпаратты шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
      4) егер отбасы жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатады;
      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
      5. Шартты ақшалай көмек алушы:
      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
      2) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты шартты ақшалай көмекті қайта есептеуді талап етеді;
      3) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.

      4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны
үшін тараптардың жауапкершілігі

      6. Шартты ақшалай көмек алушы және оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Күтпеген жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      12. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы____(кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

      6. Өзге де талаптар

      13. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      14. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 ____ жылды қоса қолданылады.
      15. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
      16. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

      7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері



___________________________________
Уәкілетті органның толық атауы
___________________________________
(мекенжайы)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________
(қолы)

_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
(мекенжайы)
_____________________________
(қолы)
_____________________________
(қолы)

  Железинка ауданындағы
әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына
5-қосымша

Отбасыға көмектің жеке жоспары

      Уәкілетті орган_________________________________________________
Көмекті алушы:______________________________________________
(тегі аты, әкесінің аты, тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн:______________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн:___________________
Қажетті іс-әрекеттер:_________________________________________
      1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20___жыл _______________ (айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20___жыл__________ (айын көрсету) есептілікті ұсыну.

Тегі, аты, әкесінің аты

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты маман

Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме)

Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі

Нәтижесі (бағалау)

















      Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы: _______________________________________________________________
Қажетті өзара іс-әрекеттер:
      жұмыспен қамту органымен__________________________________
денсаулық сақтау органымен_______________________________
басқа да байланыстар________________________________________
Қолы:_______________ Күні:_______________
(Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
      Берілетін көмектің түрлері:

Ай сайынғы жәрдемақы

Біржолғы төлем

Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері





      Біржолғы төлем кезінде:
Шығын сметасы:

Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары

Сомасы, мың теңге



Барлығы:


      Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:

Келісімшарт жасалғанға дейін

Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша

Шартты ақшалай көмек мөлшерін қоса есептегенде

Шартты ақшалай көмек мөлшерін есептемегенде




      Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды
_________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі:
_________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________
(қолы)
20____жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады