Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Железин ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 289/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5317 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 203/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық әкімдігінің 18.07.2017 № 203/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квоталары:

      1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Железин ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      2-қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Железин ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Кималиденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Железин ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"20" желтоқсандағы
№ 289/12 қаулысына
1-қосымша

2017 жылғы Железин ауданы бойынша бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Железин ауданы әкімдігі Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2

  Железин ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"20" желтоқсандағы
№ 289/12 қаулысына
2-қосымша

2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Үрлітүп орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі

64

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады