Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Железин ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 289/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железинка аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 203/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 тамызда № 5592 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Железин ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 289/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5317 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда аудандық "Туған өлке" газетінің № 2 санында, 2017 жылғы 13 қаңтарда аудандық "Родные просторы" газетінің № 2 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің орынбасары К.Б. Кималиденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады