Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 08 тамыздағы № 159/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 тамызда № 5224 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары М.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "8" тамыздағы
№ 159/8 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

№р/с
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі, теңге
Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге
1
2
3
4
5
6
1.
Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Ақбота бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
32416
32416
1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
2.
Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
50
(республикалық бюджет)
36536
36536
1 жастан 3 жасқа дейін - 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6400
3.
Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының "Балбөбек бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
23716
23716
1 жастан 3 жасқа дейін - 5250;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6300
4.
Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Айгөлек бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
34679
34679
1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
5.
Май ауданы әкімдігінің, Ақшиман селолық округі әкімі аппаратының "Балауса бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
30
(республикалық бюджет)
24952
24952
1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
6.
Май ауданы әкімдігінің "Балдәурен балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
45
(жергілікті бюджет)
40011
40011
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
7.
Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының "Әйгерім бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
20
(республикалық бюджет)
57850
57850
1 жастан 3 жасқа дейін - 6800;
3 жастан 7 жасқа дейін - 7300
8.
Май ауданы әкімдігінің, Май селолық округі әкімі аппаратының "Балдырған бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
50
(республикалық бюджет)
34233
34233
1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады