Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 4/38 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 шілдеде № 5187 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 34/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 06.06.2018 № 34/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 18 наурызда № 5005 болып тіркелген, аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 13 сандарында жарияланған) № 58/423 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық саяси, индустриялық-инновациялық даму және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ә. Әбілғазинова
      Мәслихат хатшысы Қ. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады