Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 34/179 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 5996 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 22/123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 22/123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5187 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған) № 4/38 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық саяси, индустриялық-инновациялық даму және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.

      Сессия төрайымы Ә. Абылғазинова
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады