Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 359/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда № 5285 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 154/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 12.06.2017 № 154/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған квотасы ұйым қызметкерлері тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бабенко

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "16" қарашадағы
№ 359/11 қаулысына
қосымша

Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының 2017 жылға арналған квотасы

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Луганск" өндірістік кооперативі

252

2

2

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

359

3

3

"Ертіс" шаруа қожалығы

153

1

4

"Кирова" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

237

2

5

"Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады