Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 13/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5111 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қазандағы № 52/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 06.10.2021 № 52/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарын (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіруі "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) беріледі;

      3) мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған шығындар төлемі екінші деңгейлі банкілерде, сонымен қоса банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын тиісті лицензиясы бар мекемелерінде дербес шотын көрсетуімен өтініш, заңды өкілдің, алушының тұрғылық тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтама, мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ұсынылады;

      салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) тоқсан сайын көрсетіледі деп белгіленсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады