Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 5084 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескеріп, облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылындағы "50 лет Октября" көшесі "Гакаша Жакишев" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі В. Сәрсембинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады