1. ІІІ сайланған Aлматы қаласы мәслихатының ХХVI сессиясының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 "Aлматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 720 тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Aлматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарының 4 қосымшасындағы:
Ж-З Шағын қабатты құрылыс салу (2-3 қабат) жер телімінсіз аймағы тарауының бөлігі келесі мазмұндағы соңғы азатжолмен толықтырылсын:
"Шығыс айналма жолының (ШAAЖ) параметрлерін белгілеу Әл-Фараби даңғылының, Саин, Жандосов көшелерінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан барлық құрылыс түрлеріне шығыңқы іргелік қабатты қоспағанда үш қабаттан көп емес етіп белгілеу, биіктігі жер деңгейінен жақтаудың ұштауына (жабынның ұшы) дейін он екі метрден аспайтын және ені он бес метрден көп емес, жерасты бөлігінде паркинг орналастыру кезінде ғимараттың енін он жеті метрден асырмай (ендік бағытта), ауа лебін өткізу үшін ғимараттарды меридиан бағытында орналастыру".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинге және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Сауранбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған | |
Aлматы қаласы мәслихаты | |
LІ сессиясының төрағасы | Ә. Нәбиев |
V сайланған | |
Aлматы қаласы мәслихатының | |
Хатшысы | Қ. Қазанбаев |