Алматы қаласының жекеленген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 2/122 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 1278 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" Заңының 17 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және көлік жүктемесін және қоршаған ортаға антропогендік ықпалын төмендету мақсатында, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеу.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 06.03.2023 № 1/167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына кіруге шектелуге жатпайды.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.03.2023 № 1/167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Aлматы қаласының Ішкі істер департаменті, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғат паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Aлматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Aлматы қаласының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы қаулыны Aлматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Aлматы қаласының әкімі      Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады