Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 3 шілдедегі № 3/420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 2/123 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 мамырда № 1284 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 28.02.2020 № 1/56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 28.02.2020 № 1/56 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 "Туризм саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 3 шілдедегі № 3/420 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1189 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының 2 тармағындағы "Алматы қаласы Туризм басқармасы" сөздері "Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздеріне ауыстырылсын;

      аталған қаулымен бекітілген регламенттің 1 тармағындағы: "Алматы қаласы Туризм басқармасы" сөздері "Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" сөздеріне ауыстырылсын;

      атауындағы:

      1 тармақтағы:

      аталған қаулымен бекітілген регламенттегі:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру",

      өзгеріс тек қазақ тілінде енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.

      2. Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады