"Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі № 3/420 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 тамызда № 1189 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 28.02.2020 № 1/56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 28.02.2020 № 1/56 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ интернет-ресурста жариялай отырып, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2014 жылғы 13 мамырдағы № 2/350 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1053 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2014 жылғы 5 маусымда жарияланған);

      2) 2014 жылғы 16 қазандағы № 4/844 "Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 2/350 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1097 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2014 жылғы 13 қарашада жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 03 шілдедегі
№ 3/420 қаулысымен бекітілді

"Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует;
туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

      Ескерту. Регламентінің атауы жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен бекітілген "Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) және осы Регламентке сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сұрау салу ресімделген тілге орай мемлекеттік немесе орыс тілінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіздеме – стандарттың 1-қосымшасына сай нысан бойынша өтініш.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші маманының өтінішті тіркеуі (20 минут);

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беруі (20 минут);

      3) көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ақпаратты іздеуі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеуі 5 (бес) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қоюы (20 минут);

      5) қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (20 минут).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-әректтер) нәтижесі келесі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) өтінішті қабылдаушының аты-жөнін, қабылдау күнін көрсете отырып, талон беру;

      2) қызмет беруші басшысының қолы;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен танысуы және нәтиже жобасына қол қоюы;

      5) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесінің екінші данасына қол қою.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскеннен кейін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызмет берушінің Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркейді, стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сай бақылауға қояды және қызмет беруші басшысының қарауына береді;

      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қарарға сай қызмет алушының өтінішін маманның орындауы үшін бұрыштама жазып жібереді;

      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысының ақпаратты іздеуі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеуі 5 (бес) күнтізбелік күн;

      4) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды;

      5) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін почта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекен-жайына жолдайды.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83, 7 қабат мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратында көрсетіледі. Қызмет берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында белгіленген және өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-әрекеттері) реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Туристік ақпаратты; оның ішінде
туристік әлеует; туризм объектілері
мен туристік қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар туралы
ақпаратты беру"
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 08.04.2016 № 2/123 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

"Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері
мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады