Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/186 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 маусымда № 1290 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/637 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 4/637 (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 4-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қоса беріліп отырған Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін

      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 2/186 қаулысымен бекітілді

Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары

      Осы Алматы қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді көрсетудің тәртiбiн, шарттары мен төлемақысын белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;

      жылумен жабдықтау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату бойынша қызметі;

      коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан былай - энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;

      су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;

      энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

2. Электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      2. Тұтынушылармен электр энергиясымен жабдықтау шарты(дербес шотты ашу) мына құжаттар негізінде жасалады:

      1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көп пәтерлі құрылыс объектілерінде тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

      2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмелері;

      4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы құжат немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      5) жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, электрмен жабдықтау шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілетін бұйрық (сенімхат);

      6) техникалық шарттар (көп пәтерлі үйлерде тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

      7) жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (жеке тұлғалар үшін);

      8) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат.

      Объектілердің иесі ауысқан жағдайда, техникалық шарттарды беру талап етілмейді.

      3. Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланушы жеке тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар көп мөлшерлемелі есептеу аспабы бар болған кезде тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен кез келген уақытта энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді.

      4. Тұтынушыларға жеткізілген электр энергиясы үшін есеп айырысуы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.

      5. Жалпыүйлік мұқтаждыққа пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылған есепке алу құралымен анықталады. Қосалқы тұтынушылар жалпы үйлік мұқтаждық есепке алу құралынан қосылған жағдайда, қосалқы тұтынушылар тұтынуының жиынтық көлемі жалпы сомадан алынады.

      6. Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі жеке меншік құқығын тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды және энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтау шартын жасасу үшін құжаттарды ұсынады. 

      Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді.

      7. Энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді электр желілері бойынша тараптардың теңгерімдік тиесілігінің шекарасына дейін жүргізеді.

      Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.

      Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (электрмен жабдықтау объектісі иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезiндегi олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн пәтер иелерінің кооперативіне жауапкершiлiк жүктеледі.

      8. Электрмен жабдықтауға жасасқан шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыларды электр энергиясымен жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларға және электр энергиясын жіберу тәуліктік кестесіне сәйкес үздіксіз (тұтынылған электр энергиясына қарыз болмаған жағдайда)жеткізіп отырады.

      9. Тараптардың электр қондырғылардың жай-күйі мен оларға қызмет көрсету үшін пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен белгіленеді және электрлік желілердің теңгерімдік тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісінде көрсетіледі. талаптарынан ауытқу, электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғаның, электр қондырғылары пайдалануға берілмейді.

      10. Тұтынушылардың электр қондырғыларында құрастырудағы кемшіліктер, берілген техникалық шарттардан, жобалық құжаттамадан және нормативтік-техникалық құжаттардың

      Тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынсыз қосуға болмайды.

      11. Электр энергиясын беру, сондай-ақ беруді тоқтату (шектеу) тұтынушымен жасалған электрмен жабдықтау шартының негізінде жүзеге асырылады. Электр қабылдағыштарының санаты мен электрмен жабдықтау сенімділігімен қамтамасыз ету және электрлік желіге қосу схемасы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және электрмен жабдықтау шартында келісіледі. 

      12. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электр энергиясын беруді мына жағдайларда алдын ала хабарламай, толық тоқтатады:

      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желісіне электр энергиясының қабылдағыштарын өз еркімен жалғау;

      2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа (есепсіз) электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

      3) тұтынушының кінәсінен электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қызметін бұзатын мәнге дейін түсіру;

      4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және энергетикалық қадағалау және бақылау органының өкілдерін жұмыс уақытында тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары мен электр қондырғыларына жібермеу (іссапарға жіберілген жұмыскер құқығында);

      5) апатты жағдайда.

      Энергия беруші ұйым адам өміріне қауіпті, айтарлықтай экономикалық зиянға, коммуналдық шаруашылықтың және электрмен жабдықтау жүйесінің айрықша маңызды элементтерінің істен шығуына әкелуі мүмкін апаттардың алдын алу немесе жою бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін тұтынушыны дереу хабарлап, сұраныс бойынша электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатады. 

      13. Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда:

      1) электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электрэнергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;

      2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;

      3) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы талабы белгіленген мерзімде орындалмағандаэлектр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатады.

      Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтау тоқтатылғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын (электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушыларды – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша (хабарлама ұсыну арқылы) немесе электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық почтаға, факсқа хаттама жолдау арқылы ескертіп, электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатады (шектейді).

      14. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым резервтік қуаттандыру болмаған жағдайда, жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтауды тоқтату туралы ажыратудан күнтізбелік үш күн бұрын ескертеді. 

      15. Абоненттiң кiнәсi бойынша болмаған есептiң уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу егершарттаэлектрэнергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орта тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.

      16. Электр энергиясының орташа тәулiктiк есептiк кезеңi бiр айдан аспауы тиіс, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуi керек.

      17. Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, тұтынушыға босатылған электр энергиясына есеп айырысу және есепке алу тәртiбiн қалпына келтiру тәртiбi тұтынушының және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен белгiленуi тиiс.

      18. Тұтынушының есептеу құралының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы, энергияны тұтынатын қондырғыларды өз бетінше қосуы, энергияны беруші ұйым өкілінің алдыңғы бару кезінде аталған өзгерістерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, энергия беруші ұйым акт жасап, белгіленген тәртіппен қайта есептеулерді жүргізеді.

      Қайта есептеу кезеңі КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде анықталады, алайда ескіру мерзімінен аспауы қажет. Қайта есептеуге сәйкес есепке толық алынбаған немесе мүлде алынбаған электр энергиясының көлемі энергиямен жабдықтаушы ұйымның таратқан электр энергиясы көлеміне қосылады және тұтынушыға ағымдағы есептік кезеңде қолданылатын жіберу тарифі бойынша төлеуге ұсынылады.

      19. Акт энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым өкілінің және тұтынушының не оның өкілінің қолы қойылған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан, бірақ оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның немесе кондоминиумның басқару органының құрамында кемінде үш адам бар комиссиясы ресімдеген жағдайда да жарамды болып саналады.

3. Жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      20. Жылу желілеріне қосылу және жылумен жабдықтауға шарт жасасу техникалық шарт талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Тұтынушыларға жылу энергиясын жіберуді, егер шартта басқасы қарастырылмаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым үздіксіз жүзеге асырады.

      21. Жылу энергиясын жіберуді есепке алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу желілерінің теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасында жылу энергиясының шығындалуын есепке алу нүктесінде жүргізіледі.

      Жылу энергиясын коммерциялық есептеу құралын жылу желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, жылу желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан жылу энергиясының коммерциялық есептеу құралдарын орнатқан жерге дейінгі аумақтағы жылу энергиясының шығындары, шарттық негізде, теңгерімінде жылу желісінің көрсетілген аумағы тұрған иегердің меншігіне жатқызылады. Шығындар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдармен есептеу жолымен табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

      Тұтынушы қосылатын жылу желілеріне жылу шығындарын есептеуді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүргізеді және тұтынушының сұрауы бойынша береді.

      22. Тұтынушымен коммерциялық есепке алу құралдарының ақаулылығы табылған жағдайда тұтынушы тез арада энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар етеді.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйым өз кезегінде тұтынушының коммерциялық есепке алу құралдарының ақаулығын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға хабарлайды.

      23. Коммерциялық есепке алу құралдарын тексеруге алған жағдайда, тұтынушымен тұтынған жылу энергиясын төлеу ақысы алдыңғы кезеңдегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығынымен есептеледі.

      24. Жылумен сенімді жабдықталуды қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы:

      1) жылу энергиясын тұтынғаны үшін төлемді дер кезінде жүзеге асырады;

      2) энергия беретін (энергия өндіретін) ұйымның өкілдерін жылу энергиясын есептеу торабына дейін орналасқан төмен түсіретін крандарды, арматураларды, бақылау-өлшегіш аспаптарын пломбалау үшін кіргізеді және орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал оларды алуды энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлай отырып, жүзеге асырады;

      3) жылуды тұтынудың берілген режимдерін сақтайды;

      4) жергілікті атқарушы органдардың, энергия беретін (немесе энергия өндіретін) және (немесе) энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметкерлерін жылу желілерінің, жылу тұтынатын қондырғылардың және коммерциялық есептеу құралының техникалық жағдайын тексеру үшін кіргізеді;

      5) әрбір жылыту маусымының алдында қабылдау-тапсыру (техникалық дайындық актісінде қарастырылған техникалық) сынынан өткізуді және жылу тұтынатын қондырғыларға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

      25. Тұтынушы желі суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну жүйесіне өз бетімен қосылған, тұтынушы коммерциялық есепке алу құралдарын бүлдірген, есептеу торабында орнатылған пломбалар бұзылған немесе болмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым акт жасайды, оның негізінде тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемінде қайта есептеу жүргізіледі.

      Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесі үшін жылыту маусымының басынан бастап осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлар байқалған сәтке дейін жүргізіледі.

      Акт энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілдерінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолы қойылған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың құрамында кемінде үш адам бар комиссиясы ресімдеген жағдайда жасалады. Көп қабатты ғимараттарды комиссия құрамына кондоминиум басқару органының өкілі кіреді.

      26. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу құралдарысыз қосқан жағдайда, жылумен жабдықтаушы ұйыммен жіберілетін жылу энергиясының көлемі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелуші нарықтар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу арқылы анықталады.

      27. Ыстық суда жылу энергиясын пайдалану және тұтынушының есепке алу торабында температуралық кестені сақтау кезінде тұтынушы кейін қайтатын желілік суды кесте бойынша оның мәнінен аспайтын температурамен қайтарады. Есепке алу құралдары жоқ тұтынушыларда шарттық көлемнен артық жіберілген жылу мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелуші нарықтар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

      28. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде, тұтынушы шарттың талаптарында айтылғандай, шығатын судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындау бойынша шығындарды төлейді.

4. Сумен жабдықтау және су бұру бойынша
коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      29. Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер корсету үзіліссіз жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету режимін шектеу және реттеу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      30. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілген сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.

      31. Тұтынушы жеке тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт - ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне алғаш қосылған сәттен бастап жасалған болып саналады.

      32. Тұтынушы заңды тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт тұтынушының қызмет көрсетушінің техникалық шарттарының талаптарына жауап беретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға берген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде жасалады.

      33. Объект жаңа иеге көшкен кезде тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасу үшін меншік құқығын мемлекеттік тіркеген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетушіге жүгінеді.

      34. Тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруге, есепке алу аспаптарын және айналмалы желі пломбаларын тексеруге, бақылау құдықтарынан сынама алу үшін, сондай-ақ тұтынушының аумағы арқылы өтетін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруге және пайдалану жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсетушінің өкілдерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      35. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады.

      Акті Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны Қызмет көрсетушінің комиссиясы немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиум объектілерін басқару органдары ресімдеген жағдайда, күші бар деп есептелінеді.

      36. Қызмет көрсетуші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі немесе заңды тұлға болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады.

      37. Мыналар:

      сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;

      су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      38. Мыналар:

      сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;

      су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желісіне құдықпен түйісу орнына шығаруы кондоминиум объектілерінде теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      39. Коммерциялық есепке алу үшін пайдаланылатын есепке алу аспабын қызмет көрсетушінің өкілі пломбалайды.

      40. Есепке алу аспаптарын тексеру кезінде қызмет көрсетушінің өкілі олардың көрсеткіштерін алады, қызмет көрсетуші пломбалаған су өлшеуіш торабының айналма сызығында және басқа құрылғыларда орнатылған есепке алу аспабында және ысырмадағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын тексереді.

      41. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) субұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.

      42. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде мыналарға:

      сумен жабдықтау және су бұру желілерінің және олардың құрылыстардың үстіне әр түрлі материалдар мен заттарды қоюға, қоқыс жинауға;

      сумен жабдықтау және су бұру желілерінің және олардағы құрылыстардың үстіне тұрақты немесе уақытша құрылыстар тұрғызуға;

      қызмет көрсетушімен келіспей сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жұмыс істеуге;

      су төгіле тұрақты ағуы үшін ішкі су құбырының жүйесіндегі шүмекті ашуға;

      тіке ағатын схема бойынша жабдықты суыту үшін ауыз суды пайдалануға;

      су тарту құдықтарының жанында үй жануарларын суғаруға, кір жууға, автомашина мен тұрмыстық заттарды жууға, оларға құбырларды және шлангілерді қосуға, сондай-ақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидалардың талаптарына қайшы келетін басқа да іс-қимылдарды жүргізуге;

      су тарту бағандарына және өрт сөндіру гидранттарына уақытша су құбыры желілерін қосуға;

      су бұру желілеріне қар және мұз қиыршықтарын тастауға жол берілмейді.

5. Газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      43. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарттары үлгілік шарттарға сәйкес жасалады

      44. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимi - тәулiк бойы.

      45. Қызмет беруші газды тұрғын үйдегі (тұрғын жай) кірістегі кранға дейін жеткізеді. Тұтынушы өзіне тиесілі газ жабдықтары мен есепке алу құралдарының техникалық жай-күйінің дұрыстығын (жарамды) қамтамасыз етеді.

      46. Тұтынушылардың газ жабдықтарын газ тарату жүйесіне қосу, жаңғырту және (немесе) газбен жабдықтау жүйелері нысандарын қайта құру, бос қуат болмаған жағдайда қосылатын тұтынушылардың қосымша жүктемесін жабу үшін қажетті, сондай-ақ осылай қосылудың технологиялық сызбасын өзгертуді газ тарату ұйымы осындай тұтынушылардың есебінен жүргізеді.

      47. Тұтынушы уәкілетті орган белгілеген баға бойынша газға төлем жүргізеді: есепке алу құралдары болмаған жағдайда – ай сайын тұтыну нормалары бойынша, есепке алу құралдары болған жағдайда – ай сайын есепке алу құралдарының көрсеткіштері бойынша есептік айдан кейінгі айдың 25-не дейін.

      Есепке алу құралдарын қолданған кезде, газдың қажетті көлемінің құны смарт-карта арқылы қызмет берушінің шотына аударылады.

      48. Есептеу құралының көрсеткіштерін жеткізушінің өкілі ағымдағы айдың 20-нан кейін жазып алады. Тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша қатарынан екі есептілік кезең ішінде пәтерде немесе жеке тұрғын үйде орнатылған есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде, қызмет беруші көрсетілген кезеңде тұтынылған газға есепті, жергілікті атқарушы орган бекіткен тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша жүргізе алады.

      49. Есептеу құралының бұзылғандығы (жарамсыздығы) анықталған жағдайда, тұрмыстық тұтынушының соңғы алты айда төлеген төлемі ескеріліп, тұтынылған газ үшін есеп тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша есептелінеді.

      50. Тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабын тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу тексеру мерзімі өткен күннен бастап тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі. Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша қайта есеп айырысу тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда, бірақ бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      51. Қызмет берушінің өкілдері газбен жабдықтауға өз бетінше қосылғаны, есепке алу құралдарын айналып өтіп орнатылған газ жабдығының қуатын, газды тұтынуды арттырғаны, бұзылғаны, пломбаның бұзылуы, газбен жабдықтау сызбасын өзгерту анықталмаған жағдайда, тұтынушының газды санкциясыз алуына (ұрлауына) мүмкіндік тудыратын көрсеткіштерді бұрмалау мақсатында есепке алу құралдарына қандай да бір әсер ету болғанда, оларды қызмет беруші өкілінің бұрынғы келулерінде анықтау мүмкін болмаған кезде, есепке алу құралдарының тәулігіне 24 сағаттық жұмыс есебінен, соңғы тексеру күнінен бастап өткен кезеңге және (немесе) оларды қосу сызбасы анықталған күнге дейін, бірақ ескіру мерзімі аспайтын кезеңдеқызмет беруші тұрмыстық тұтынушының орнатылған газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша газ шығынын қайта есептеуге құқылы.

      52. Осы Шарт бойынша тұтынушы жіберген бұзушылықтар қызмет беруші мен тұрмыстық тұтынушы өкілдерінің (немесе кондоминиум нысандарын басқару органының) актісімен екі данада ресімделеді, оның бір данасы тұтынушыға беріледі. Акт, тұтынушы қол қоюдан бас тартса да, кемінде үш адам құрайтын қызмет берушінің комиссиясы ресімдеген жағдайда жарамды болып саналады.

      53. Қызмет беруші біржақты тәртіпте газбен жабдықтау бойынша қызметті бұзушылықтар жойылғанға дейін мынадай жағдайларда:

      1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері нысандарының қауіпсіздік талаптарын бұзғанда;

      2) тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқанда;

      3) газбен жабдықтау жүйелері нысандары техникалық істен шыққанда тоқтатады.

      54. Жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды газға қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау үшін қызмет беруші газбен жабдықтау қызметін тоқтата тұру туралы, ажырату жұмыстары басталғанша, кемінде қырық сегіз сағат бұрын бұқаралық ақпарат құралдары, кондоминиум нысандарын басқару органдары, немесе газ ажыратылатын аумақта хабарлама тарату арқылы тұтынушыларды хабардар етеді.

      55. Қызмет беруші тұтынушыны алдын ала хабардар етіп, мынадай жағдайларда газбен жабдықтау бойынша қызметті ұсынуды тоқтатады:

      - тұрмыстық тұтынушы пайдаланған газ үшін төлем тәртібін бұзған жағдайда;

      - қызмет берушінің келісімінсіз газ жүйелерін қайта жабдықтаған жағдайда;

      - қатарынан екі есептік кезеңде қызмет берушінің өкілдерін газ жабдығын, газ құбырын және есептеу құралдарын (болған жағдайда) тексеруге жібермеген жағдайда.

      Қызмет беруші тұтынушыны алдын ала хабардар етпей, мынадай жағдайларда газбен жабдықтау бойынша қызметті ұсынуды тоқтатады:

      - қоршаған ортаға, азаматтардың мүлкіне зиян келтіретін және адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын есепке алу құралдарын пайдалану және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша талаптар бұзылған жағдайда;

      - заңсыз газ тұтынуға жол берген, яғни газбен жақдықтау жүйесіне өз бетінше және/немесе жасырын түрде қосылған жағдайда.

      Тұрмыстық тұтынушы газбен жабдықтау жүйесіне пайдаланған газ үшін толық төлем, айып төлем және газ жүйесіне қосу және ажырату бойынша қызметтердің ақысын төлегеннен кейін қосылады.

6. Жеделсаты қызметтері бойынша
коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      56. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.

7. Қоқыс шығару (коммуналдық қалдықтарды тасымалдау)
бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртібі

      57. Қалада қоқыстарды тазарту қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) шығарудағы Бас сызбаға сәйкес жүргізіледі.

      58. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.

      59. Заңды тұлғалардан қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен ҚТҚ тасымалдау өкілетті орган өткізетін қоқыс шығару жөніндегі конкурсты (тендерде) жеңіп алған қоқыс шығарушы мердігер ұйымдармен жасалған келісім шарттар негізінде жүргізіледі.

      60. ҚТҚ-ны тасымалдауды ҚТҚ-ны жинақтаудың заңнамалық нормаларына сәйкес арнайы көлігі бар және қалдықтарды орналастыру полигонмен, сондай-ақ ҚТҚ-ны сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынасы бар қоқыс шығарушы ұйымдар жүзеге асырады.

      61. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.

      62. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады