Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2016 жылғы 08 ақпандағы N 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда N 1252 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 20.11.2018 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының

      23 бабының 1 тармағы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

      23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы негізінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 24-26 (5060) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 25 санында жарияланған) (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешім қосымшада:

      № 504 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(050006, Орталығы: Шарушылық жүргізу құқығындағы "№18 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 47).";

      № 539 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(050067, Орталығы: "Премьера" көппәтерлі тұрғын үй кешені, Шұғыла шағынауданы, Жуалы көшесі, 12 үй).";

      № 541 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(050067, Орталығы: "№188 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй).";

      № 542 Сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(050067, Орталығы: "№187 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй).".

      2. Осы шешімнің интернет – ресурста жариялануы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге өткізілсін.

      5. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы


Наурызбай ауданының әкімі

Қ. Кашкимбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады