Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде N 3725 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.12.2018 № 375 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихат
хатшысы
2016 жылғы 24 наурыз
Қ.Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.06.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес басшысы;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы;

      5) негізгі орта, жалпы орта бiлiм берудiң, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) логопед-мұғалім - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының өндірістік оқыту шебері - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) педагог-психолог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) қосымша білім беретін педагог - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушысы-оқытушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) ұйымдастырушы-педагог - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) оқытушы-жаттықтырушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) әлеуметтік педагог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) тәрбиеші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      16) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      17) әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      18) жетекші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      19) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      20) мейірбике/мейіргер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      21) зертханашы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      22) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      23) кітапхана меңгерушісі;

      24) шеберхана меңгерушісі;

      25) әдіскер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      26) библиограф - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      27) кітапханашы - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      28) аккомпаниатор - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      29) концертмейстер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      30) мәдени ұйымдастырушы – біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      31) хормейстр - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      32) көркемдік жетекші - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі мамандар;

      33) барлық аталымдағы суретшілер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар.

      2. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың, аудандық емхананың, аудандық диспансердің басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың, сәулелі диагностика бөлімшесінің, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру, стоматологиялық кабинеттің немесе бөлімшесінің) және параклиникалық (зертхана) бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, қызметтің, бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау) басшылары;

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      7) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) мейірбике/мейіргер, провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) денсаулық сақтау сарапшы-маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медициналық физик, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер радиохимик - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      10) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейірбике/мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейірбике - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) медициналық тіркеуші, дозиметрист-техник, дезинфектор-нұсқаушы - біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      12) барлық мамандықтағы мұғалімдер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты мамандар;

      14) тәрбиеші, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      16) кітапханашы, биохимик - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      17) мейірбикенің/мейіргердің көмекшісі – техникалық орындаушылар.

      3. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) мейірбике/мейіргер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) фармацевт – біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) зертханашы - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) барлық мамандықтағы мұғалімдер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) тәрбиеші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) психолог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы - біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      14) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) кітапханашы - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      16) дәріхана меңгерушісі.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) бас қор сақтаушы;

      4) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын секторының, бөлімінің басшысы;

      5) мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: шаруашылықтың басшысы;

      6) жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер;

      7) қор сақтаушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) барлық аталымдағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) экскурсия жүргізуші - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) барлық аталымдағы әдіскер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) музей қорын есепке алу жөніндегі архивист - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) архивист - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) архивист - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      14) әдіскер – біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аға жаттықтырушы;

      4) аға жаттықтырушы-оқытушы;

      5) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) мейірбике/мейіргер (мамандандырылған) - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) әдіскер - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) спортшы-нұсқаушы – біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      9) нұсқаушы (спортшы-нұсқаушыны қоспағанда) - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар;

      10) жаттықтырушы - біліктілігі жоғарғы, орта деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) психолог - біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) психолог – біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      13) ат спорты түрлерінен ветеринариялық дәрігер - біліктілігі жоғарғы және орта деңгейдегі мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады