Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.";
осы қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапты "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі – Басқарма);".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |