Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2017 жылы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9/50 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4000 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің 1, 2 тармақтарының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрайымы
Е. Бимаканов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады