Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 344 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте N 3897 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 12.04.2018 № 139 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 4, 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасының 29 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен (келісімімен) бірлесе 1 қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2 қосымшаға сәйкес шарт негізінде үй-жай ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 қыркүйектан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Қызылжар ауданының
әкімі
Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2016 жылғы 09 қыркүйек
Н.Қ. Сұлтанғазин

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 344 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар

1

Асаново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы ақпараттық стенд

2

Бескөл ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бескөл орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы, орталық алаң аумағындағы ақпараттық стенд

3

Прибрежный ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Озерное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы ақпараттық стенд

4

Рощин ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пеньково ауылы, "Рощин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимараты маңындағы ақпараттық қалқан


  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 344 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Бескөл ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Институт көшесі 1, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Парасат" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады