2016 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 52/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірдегі N 3717 болып тіркелді
1. Мамлют ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, 2016 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пункттерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз