1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының XLVІ-шы сессиясының төрайымы |
Л. Валяева |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
Қ. Шәріпов |