1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға берілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың VIII сессиясының төрағасы |
Ж. Едрисова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |