2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда N 3625 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы N 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 27.06.2016 N 134 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      2) оң екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар;
      3) Семей сынақ ядролық полигонында жүргізілген сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, Чернобыль атомдық электростансасындағы аппатты жоюға қатысқандар;
      4) бірде-біреуі жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі
Е. Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады