Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 9 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 3482 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12 сәуірдегі 2024 жылғы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12.04.2024 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 4 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде "услуг" сөзінен кейін "и услуг связи" сөздерімен толықтырылсын;

      2) 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі".

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік сала мәселелері, гендірлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      І сессия төрайымы Б. Шеркешбаева
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады