Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 383 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 3774 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Балықшы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Көкарна ауылындағы:
      1) № 8 көшеге "Жаңабай Ақбердиев" есімі;
      2) № 11 көшеге "Төлеген Бейбіталиев" есімі;
      3) № 9 көшеге "Пазыл Хансұлтанов" есімі;
      4) № 14 көшеге "Жақып Шақкөзов" есімі;
      5) № 22 көшеге "Ағайынды Жоламан мен Хамза Қашауовтар" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Водников ауылындағы:
      1) № 2 көшеге "Әбіш Шығанақов" есімі;
      2) № 3 көшеге "Шоқан Мұстафиев" есімі берілсін.
      3.Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Водников -3 ауылындағы № 3 көшеге "Төрехан Ізтілеуов" есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Құрсай ауылындағы Сарымолда Досмұхамбетұлы атындағы көшеден басталып, Дамбы тас жолына қосылатын атауы жоқ жаңа көшеге "Орынғали Смағұлов" есімі берілсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Балықшы ауылдық округі әкімі Е. Өтешқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады