Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 3543 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 20.05.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына және Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-3 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 20.05.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі М. Ізбасов
      "Келісілді"
Жылыой аудандық мәслихаттың
II сессиясының төрағасы
"18 " 05 2016 жыл
Н. Қондыбаев
      "Келісілді"
Жылый ауданды
мәслихатының хатшысы
" 18 " 05 2016 жыл
М. Кенғанов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "18" мамырдағы № 195 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 20.05.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшыcы (директоры);

      2) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

      3) музыкалық жетекші;

      4) мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);

      5) кітапханашы;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) дыбыс режиссері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады