"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 128 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28171 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Х. Жамалов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жылыой аудандық
мәслихаты

  Жылыой ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 128 қаулысына қосымша
  Жылыой ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 195 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшыcы (директоры);

      2) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

      3) музыкалық жетекші;

      4) мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);

      5) кітапханашы;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) дыбыс режиссері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады