Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Майкомген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 3617 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Майкөмген ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Майкөмген ауылдық округі, Майкөмген ауылындағы:
      1) №1 көшеге- "Қуанғали Қуатбаев" есімі;
      2) №2 көшеге - "Тобанияз Әлниязұлы" есімі;
      3) №3 көшеге - "Сүйінғара Үргенішбайұлы" есімі;
      4) №4 көшеге - "Досан батыр" есімі;
      5) №5 көшеге - "Ақтан Керейұлы" есімі;
      6) №6 көшеге - "Айнымас" атауы;
      7) №7 көшеге - "Қарашүңгіл" атауы;
      8) №8 көшеге - "Қисымбай" атауы;
      9) №9 көшеге - "Төлес" атауы;
      10) №10 көшеге - "Үркер" атауы;
      11) №11 көшеге - "Әділет" атауы;
      12) №12 көшеге - "Даңқ" атауы;
      13) №13 көшеге - "Мұса Баймұқанов" есімі;
      14) №14 көшеге - "Қайырғали Смағұловтың" есімі берілсін;
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Майкөмген ауылдық округі әкімі Н. Сауытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады