Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 155 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3544 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 23.06.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 наурыздағы № 12 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Ә. Нәутиев
      КЕЛІСІЛДІ:
Махамбет аудандық мәслихаттың
2-сессиясының төрағасы
"12" мамыр 2016 ж.
А. Қабенов
      Махамбет аудандық мәслихаттың
хатшысы
"12" мамыр 2016 ж.
М. Мырзашев

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "16" мамыр № 155 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары, (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің;

      лагерьдің, интернаттың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі);

      басшының көмекшісі;

      мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог, концертмейстер (негізгі қызметтер), хореограф (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, музыкатанушы, аккомпониатор, барлық мамандықтағы дәрігерлер.

3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      мамандар: аккомпаниатор, аккомпаниатор – концертмейстер, барлық атаудағы әртістер, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер,

      режиссер, қоюшы-режиссер, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, вокал бойынша репетитор, хореограф, хормейстер, продюсер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

4. Спорт мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, барлық мамандықтағы дәрігер, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады