1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 қарашадағы № 332 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3366 санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап және "Атырау облыстық білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде беріледі";
2) 2-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"психологиялық–медициналық–педагогикалық кеңестің қорытындысында үйде оқыту жөнінде ұсыныс берілмеуі".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5-сессиясының төрағасы |
Н. Досқайыров |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |