Алмалы ауылдық округі елді мекендерінің кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 157 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 3657 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Алмалы ауылдық округі халқының пікірін ескеріп және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Алмалы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алмалы ауылдық округінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Алмалы ауылындағы:
      Бірінші көше - "Сатыбалды Дощанов" есімі;
      Екінші көше - "Нәубет Нұралин" есімі;
      2) Береке ауылындағы:
      Бірінші көше – "Қапиза Тыныбекова" есімі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Қ. Қойшығали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады