Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 3527 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 08/93 ұсынысына сәйкес Алға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алға ауылдық округі аумағында пастереллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі С. Оңдағани
      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық
сақтау басқармасының "Махамбет
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
"18" мамыр 2016 жыл
Е. Сабиров
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Махамбет аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
"18" мамыр 2016 жыл
Л. Мамаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады