Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
ЖаңаАтырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 3530 болып тіркелді
1. Сарайшық ауылдық округіндегі "Сарайшық" асыл тұқымды шаруашылық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында пастереллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз