Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 120 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қазанда № 3626 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, 37 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Махамбет ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) "Шұғыла" мөлтек ауданындағы:
      төртінші көше – Оралхан Бөкей көшесі;
      бесінші көше – Нұрғиса Тілендиев көшесі;
      2) "Ынтымақ" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;
      екінші көше – Мұхит Мерәліұлы көшесі;
      төртінші көше – Ілияс Есенберлин көшесі;
      3) "Наркескен" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Жұмекен Нәжімеденов көшесі;
      4) "Самал" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Әбілхайыр хан көшесі;
      екінші көше – Мағжан Жұмабаев көшесі;
      5) "Жасыл белдеу" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Сырым Датұлы көшесі;
      екінші көше – Мұрат Мөңкеұлы көшесі;
      үшінші көше – Ғарифолла Құрманғалиев көшесі;
      төртінші көше – Хамит Ерғалиев көшесі;
      бесінші көше – Ғабит Мүсірепов көшесі;
      алтыншы көше – Қайырғали Смағұлов көшесі;
      жетінші көше – Әбділда Тәжібаев көшесі;
      сегізінші көше – Шәмші Қалдаяқов көшесі;
      тоғызыншы көше – Мұқағали Мақатаев көшесі;
      оныншы көше – Төлеген Айбергенов көшесі;
      6) "Игілік" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Ыбырай Алтынсарин көшесі;
      екінші көше – Халел Досмұхамедов көшесі;
      7) "Шаттық" мөлтек ауданындағы:
      екінші көше – Насихат Сүгірұлы көшесі;
      үшінші көше – Күләш Байсейітова көшесі;
      төртінші көше – Шәкен Айманов көшесі;
      бесінші көше – Әл-Фараби көшесі;
      алтыншы көше – Қожа Ахмет Яссауи көшесі;
      жетінші көше – Әлкей Марғұлан көшесі;
      сегізінші көше – Шәкәрім көшесі;
      тоғызыншы көше – Абылай хан көшесі;
      8) "Бірлік" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Сәкен Сейфуллин көшесі;
      екінші көше – Мұқан Төлебаев көшесі;
      9) "Өткел" мөлтек ауданындағы:
      бірінші көше – Көкжиек көшесі;
      2. Сарытоғай ауылының жаңа мөлтек ауданындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      бірінші көше – Қабанбай батыр көшесі;
      екінші көше – Тәуке хан көшесі;
      үшінші көше – Бурабай көшесі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Сисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады