Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 80-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы № 285-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3396 санымен тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
5 тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде "Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений." деген абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл, депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Тулебаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың І сессиясының төрағасы |
Л. Мутянова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н. Мұханбеталиев |