Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256-V "Исатай ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 46-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 3603 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 52-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 14.12.2023 № 52-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3- бабының 6 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес және 2016 жылғы 10 тамыздағы Аққыстау ауылдық округі әкімінің № 2, 2016 жылғы 09 тамыздағы Забурын ауылдық округі әкімінің № 15, 2016 жылғы 09 тамыздағы Жанбай ауылдық округі әкімінің № 35, 2016 жылғы 8 тамыздағы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің № 28, 2016 жылғы 09 тамыздағы Қамысқала ауылдық округі әкімінің № 31, 2016 жылғы 10 тамыздағы Нарын ауылдық округі әкімінің № 9, 2016 жылғы 08 тамыздағы Исатай ауылдық округі әкімінің № 17 шешімдерін қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 05 мамырдағы № 256-V "Исатай ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3218 тіркелген, "Нарын таңы" газетінде 2015 жылы 18 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қағиданың 1 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 2 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Забурын ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданының Забурын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 3 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Жанбай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 4 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 5 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер, "Исатай ауданынының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 6 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Нарын ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданының Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 7 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Исатай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Исатай ауданынының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ә.Төлебаев) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
V сессиясының төрағасы
Р. Әбшеев
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады