Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 52-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 5112-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Рахметов

  Исатай аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
14 желтоқсандағы № 52-VIII
шешіміне қосымша

Исатай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Исатай ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 05 мамырдағы № 256-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3218 болып тіркелген) шешімі;

      2. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256-V "Исатай ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 46-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 болып тіркелген) шешімі;

      3. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 05 мамырдағы № 256-V "Исатай ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 121-VII шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады