Көшеге қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 62 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда № 3741 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылындағы Чапаев көшесі "Шалағұл Қабделов" атымен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ. Қинешовке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі: Ш. Неталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады