Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 55 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3668 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылындағы Ембі көшесі "Хамит Балмолдиннің" есімімен қайта аталсын.
      2. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылындағы Шошақағаш көшесі "Ысқақ Әбіловтің" есімімен қайта аталсын.
      3. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылындағы Юрий Гагарин көшесі "Төре Даулетияровтің" есімімен қайта аталсын.
      4. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылындағы Бақсай көшесі "Қабдығали Хисиннің" есімімен қайта аталсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қамысқала ауылдық
округінің әкімі
С. Саменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады