Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес және Миялы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 74, Сағыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 77, Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 45, Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 20, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 31, Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 8, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 7, Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 9, Қызылқоға ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 5, Тайсойған ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 6 шешімдерінің негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № ХХХ-5 "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3161 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2015 жылғы 7 мамырда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
қағиданың 1 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Миялы ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 2 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Сағыз ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 3 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Мұқыр ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
қағиданың 4 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 5 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Ойыл ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 6 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 7 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 8 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 9 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қағиданың 10 қосымшасындағы 10 тармақта:
"Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: | А. Баймұратова |
Мәслихат хатшысы: | Т. Бейсқали |