Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 10-6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 5113-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали

  Қызылқоға аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
13 желтоқсандағы № 10-6
шешіміне қосымша

Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № ХХХ-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3161 болып тіркелген);

      2. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № ХХХ-5 "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылқоға ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № XXXIII-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3270 болып тіркелген);

      3. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № ХХХ-5 "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № V-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3653 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады