Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 102 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 3724 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.03.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 16 қарашадағы № 225 ұсынысы негізінде Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Миялы ауылдық округінің Ә.Молдағұлова, И. Тайманов, М. Өтемісов, Т. Әубакиров, М. Мақатаев, М. Әуезов көшелеріне құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді жәнеол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі: Н. Бекешов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
С. Тайшыбай

      "12" желтоқсан 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
департаментінің Қызылқоға
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Аймұратова

      "12" желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады