Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 16-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 мамырда № 3524 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 13.08.2021 № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 11 тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезекті ІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.

      3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 361-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ІІ сессиясының төрағасы
Ө. Оразғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы "26" сәуірдегі № 16-VІ шешіміне қосымша

Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

Р/с
 

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері:



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

100

1.2

Жайсыз үйлер

1 тұрғын

100

1.3

Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін)

1 текше метр

750

1.4

Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін)

1 текше метр

2500

1.5

Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін)

1 текше метр

1800

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері:



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

100

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

646


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады