1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | С. Арыстан |
"Келісілді"
Индер аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Р. Аяпбергенов |
10 маусым 2016 жыл
Индер аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Сапаров |
10 маусым 2016 жыл
Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "10" маусымдағы № 129 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы;
лагердің, интернаттың басшысы (меңгерушісі);
мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарынының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, аккомпаниатор, концертмейстр, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер, музыкалық жетекші, қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог, хореограф, барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, дирижер, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, музыкалық аспаптарды жөндеуші-келтіруші, тәрбиешінің көмекшісі.
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекші;
кітапхана меңгерушісі (басшысы);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;
мамандар: аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, музыкалық жетекші, режиссер, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, аспаптарды реттеуші-күйіне келтіруші, конферансье.
4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, барлық мамандықтағы дәрігер, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.