Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті әкімінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 140 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 3712 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 3 қарашадағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Индер ауданы Индербор кентіндегі:
      1). "Болашақ" шағын ауданындағы № 1 көшеге – "Құсайын Байбосынов" есімі;
      2). "Шығыс" шағын ауданындағы № 8 көшеге –"Базарғали Әйтімов" есімі;
      3). № 1 өткелге – "Мәулет Қарасаев" есімі;
      4). "Шығыс" шағын ауданындағы № 9 көшеге – "Жиембет жырау" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кент әкімі А. Құсайнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады