Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 ақпанда № 3465 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 03.05.2016 № 13 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 03 ақпандағы № 01-07-4/35 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Елтай ауылдық округінде орналасқан "Сорқабақ-1" қыстағына мүйізді ірі қара малдарынан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс – шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Индер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Е. Дүйшім
      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Индер аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері:
"04" ақпан 2016 жыл
А. Доспаева
      
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Индер аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
"04" ақпан 2016 жыл
Ш. Ержанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады