Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 3489 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 404-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 404-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізу орындары мен маршруттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 ақпандағы № 368-V "Мақат ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарын белгілеу және тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі жойылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ІІ сессиясының төрағасы
Г. Саликова
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Исмагулов

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VІ шешіміне 1 қосымша

Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу орындары

Елді мекеннің атауы

Орын

1

Мақат кенті

67 бөлімшесінде орналасқан Жеңіс саябағы

2

Мақат кенті

С. Мұқашев көшесі, № 32/1 үйінің жанындағы алаң

Мақат ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

Елді мекеннің атауы

Орын

1

Мақат кенті

А. Жұмашева көшесі, Болашақ шағын ауданы 5 үйінен бастап № 80/1 үйіне дейінгі аралық

2

Мақат кенті

Ж. Жұмағалиев көшесі № 149 үйден бастап -№ 202 үйге дейінгі аумағы

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 17-VІ шешіміне 2 қосымша

Мақат ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) алкагольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      3. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткiзу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік заттар пайдалануға, психотроптық заттарды және олардың аналогтары;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарын (визуальды аудио/бейне) пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілік алдында сөйлеуге шақырған, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.

      4. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      5. Пикеттер өткізілген кезде:

      1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

      2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандарды айғайлап айтуға, пикет тақырыбы туралы сөздер қозғауға рұқсат беріледі.

      6. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.

      7. Ауданның жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу үшін бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада дайындық шараларын болдырмауға ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.

      Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға байланысты болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелері, заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері бұзылса немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе өткізуге жол берілмейді.

      8. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс.

      9. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      10. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      11. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп бойынша өтелуге жатады.

      12. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiлетiн жерде барлық қосымша туындаған шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыруды ұйымдастырушылар өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады