Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 173 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 қарашада № 3662 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 03.0 4. 2018 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.

      2. "Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Ж. Мүсепов

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "17" қазандағы № 173 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын Мақат аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүліктердің атауы

Шығарылған (салынған) жылы

Жалпы алаңы (шаршы метр)

Теңгерім ұстаушы

1

Ваз-21074 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 071 ВХ

2007


"Мақат аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

Газ-3102-311 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 028 РК

2003


"Мақат аудандық Мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

Ваз-21310 автокөлігі,
тіркеу нөмірі Е 213 ВС

2002


"Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

4

"№76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі бастауыш мектеп ғимараты, жылу қазандығының ғимараты жер учаскелерімен қоса

1964

380,9

"№76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

5

Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі бастауыш мектеп ғимараты, жылу қазандығының ғимараты жер учаскелерімен қоса

1954

141,8

Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады